четверг, 16 апреля 2015 г.

"Бір ел - бір кітап" акциясының тарихы. История акции "Одна страна - одна книга"


"Бір ел - бір кітап" акциясының тарихы


      Жобаның идеясы АҚШ-та өте танымал болған. Бір кітапты жалпы қала болып оқу идеясы АҚШ-тың солтүстік-батысындағы ірі қала Вашингтон штатына қарасты – Сиэтл көпшілік кітапханасының кітап орталығы тарапынан ұсынылған. 1998 жылы «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса» тақырыбымен алғаш өткізілген акцияның мақсаты – Сиэтл халқының бірлігін нығайту және оларға оқуды насихаттау. Бұдан соң осыған ұқсас мәдени шаралар ЧикагоБуффалоРочестер қалаларында да ұйымдастырылды. 

   «Бір кітап, бір Чикаго» бағдарламасы Чикаго көпшілік кітапханасында басталды. Оның негізгі мақсаты қаланың ересек тұрғындары мен жастарын бір кітапты бір уақытта оқуға және оны ұжым болып - отбасында, жұмыста жолдастары мен таныстары арасында, кітапханаларда, оқу мекемелерінде, кітап дүкендерінде, діни ұйымдарда, кафелерде және басқа да қоғамдық орындарда талқылауға ынталандыру болып табылады.
    2000 жылдың қазан айында Чикаго қаласында «Чикагода кітаптар апталығы: Оқуға құмар қала» тақырыбымен тұңғыш рет қалалық фестиваль өтті. Осы фестиваль аясында қоғамдық талқылаумен және авторлар баяндамаларымен бірге кітап тұсаукесерлері, сондай-ақ семинар, экскурсия секілді басқа да шаралар ұйымдастырылды. 7 апта бойы Чикагоның он мыңдаған халқына ауқымды іс жүргізіліп болған соң, американ жазушысы Харпер Лидің (1926 ж.) «Убить пересмешника» (1960 ж.) атты романы талқылауға түсті. Кітап авторы бүкіл әлем мен осы замандық Чикаго үшін өзекті болған толеранттық және нәсілшілдік сияқты маңызды мәселелерді алға тартады. Бүгінде «Бір ел – бір кітап» жобасының идеясы әлемдегі көптеген елдерге кең тараған (Испания, Латын Америкасы елдері және Корея т.б.). авторы Испанияда Габриэль Гарсиа Маркестің 80 жылдығына арнап «Сто лет одиночества» романынан оқу марафоны өткен еді. Қалаушылар романды бірнеше күн бойы үздіксіз дауыстап оқыды. Осы марафонды Испания Үкіметі басшысының орынбасары Мария-Тереса Фернандес де ла Вега ашты. Бұдан дәл 40 жыл бұрын жарыққа шыққан романды 7 бетке сыйғызып айту үшін әрбір қатысушыға 15 минуттан уақыт бөлінген.
    2003 жылы Кореяда бірлесе оқуға негізінен балалар кітабы таңдалды. Бұл жоба одан кейін «Бір кітапхана – бір кітап», «Бір ауыл – бір кітап» деген жобалар түрінде көрініс тапты.
     «Жаппай оқу оқиғасы» жыл сайын Англияның оңтүстік-батысында өткізіліп тұрады. Мұнда әр жылдың қаңтарынан наурыз айына дейін бір кітап оқуды қолға ала бастады.
     Қазақстанда «Бір ел-бір кітап» акциясы 2007 жылы басталған, алғашқы акцияны еліміздің кітапсүйер қауымы Абайдың «Қара сөздерімен» жалғастырған. 2015 жылы Республикамыздың оқырмандары Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын таңдады.

История акции "Одна страна – одна книга»

Идея проекта очень известен в США. Идея чтения одной книги всем городом была предоставлена книжным центром публичной библиотеки Сиэтл,  штата Вашингтона в США. 1998 году целью впервые проведенной акции под названием «Если все жители Сиэтла читают одну книгу»  - укрепить единства народа Сиэтла и пропагандировать им чтение. Продолжение такого же рода мероприятия проводились в таких городах как: ЧикагоБуффалоРочестер.

Программа «Одна книга, одно Чикаго»  началась в публичной библиотеке Чикаго. Основной целью данной программы является чтение взрослого покаления и молодежи одной книги в одно и тоже время и стимулирование коллективному обсуждению  данной книги в семье, среди друзей и знакомых в библиотеке, в учебных заведениях, в книжных магазинах и в других общественных местах.

В октябре  2000 года в городе  Чикаго в первые был проведен фестиваль на тему «Книжная неделя в Чикаго: Город азартного чтения». В рамках этого фестиваля на ряду с публичными обсуждениями и докладами авторов были предоставлены выставки, а также проведены семинары, экскурсии и другие мероприятия. После проведенных семинедельных мероприятий, десятитысячные жители города Чикаго приступили к обсуждению романа американского писателя Харпера Ли (1926 г.) «Убить пересмешника» (1960 г.) В данной книге автор романа поднимает актуальную проблему всей планеты, а также современного Чикаго как толерантность и расизм. Сегодня идея проекта «Одна страна – одна книга» известен многим странам как Испания, Латинская Америкасы и Корея и т.д. В Испании в честь 80 летия автора Габриэля Гарсиа Маркеса прошел марафон чтения романа «Сто лет одиночества». Желающие читали роман в слух несколько дней подряд.  Этот марафон открыла Премьер министр Правительства Испании Мария-Тереса Фернандес де ла Вега.
2003 году в Корее для совместного чтения выбирались в основном детская литература. В дальнейшем этот проект нашел свое название как «Одна библиотека - одна книга», «Одно село – одна книга» и т.д.
«Событие общего чтения» на юге-запада Англии проводится каждый год. Здесь ежегодно с января по март проводится аналогичное чтение.
В Казахстане акция «Одна страна-одна книга» началась в 2007 году, в первые акцию любители чтения страны начали со «Слов назидания» Абая Кунанбаева. А в 2015 году читатели Республики выбрали трилогию Ильяса Есенберлина «Кочевники».





Комментариев нет:

Отправить комментарий